Онлайн-эфир: еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері мәселелері бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 мамырда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.У. Отиншина «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.

Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу тәртібін, сондай-ақ жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін реттейтін негізгі ережелері қарастырылды.

Эфир қатысушыларына жазатайым оқиға орын алған жағдайда уәкілетті органдарды уақтылы хабардар ету, тергеп-тексеруді ұйымдастыру, тиісті актілерді ресімдеу және осындай оқиғалардың қайталануын болдырмау бойынша шаралар қабылдау жөніндегі заңнама талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ тергеп-тексеру комиссиясын құру, тексеру мерзімдері және оқиға мән-жайларын объективті қарауды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Онлайн-эфир барысында тыңдаушыларға еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығы мен еңбек құқықтарын қорғау тетіктері бойынша ақпарат берілді.

Мұндай онлайн іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1220747?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version