2026 жылғы 14 мамыр күні Уәлиханов аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Бюджет мәселесі бойынша тұрақты комиссия төрағасы А.С.Сатыбалдиннің төрағалығымен өткен отырысқа Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Бейсембин Дархан Машайұлы, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде келесі өзекті мәселелер қаралды:
1. 2025 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы;
2. 2025 жылға арналған ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы;
3. Аудан мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыру туралы;
4. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын көктемгі егіс жұмыстарына дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
5. Уәлиханов ауданы аумағындағы аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының дамуы туралы;
6. Ауданның елді мекендерін абаттандыру жөніндегі іс-шаралар туралы;
7. Жастар бағдарламаларын іске асыру туралы.
Депутаттар бөлім басшыларының баяндамаларын тыңдап, сұрақтар қойып, бірқатар ұсыныстарды айтты. Алғашқы екі мәселе аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына шығарылды, қалған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/1220745?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау