ҚАРАУЫЛКЕЛДІ АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Айбек Купенов Қарауылкелді ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан басшысы жыл басынан бері ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандардың жай-күйі, абаттандыру және елді мекеннің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер кеңінен қамтылды.
Кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындар тарапынан ауылдың инфрақұрылымы, жайылым, су, тазалық, қауіпсіздік және әлеуметтік бағыттағы мәселелер бойынша ұсыныстар мен өтініштер айтылды.
Жиын барысында көтерілген әрбір мәселе бойынша аудан әкімі мен ауылдық округ әкімі тарапынан заң аясында тиісті түсініктемелер берілді.
Барлық ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды. Алдағы уақытта жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1221039?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау