Түркия Президенті іс-сапармен Астанаға келді. Қазақстан мен Түркияның тауар айналымын 15 млрд долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Тек 2026 жылдың алғашқы тоқсанында ғана бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға артты.
Қазақстан мен Түркия бүгінде машина жасау саласынан бастап құрылыс пен логистикаға дейін ондаған бірлескен жобаны жүзеге асырып келеді. Бұдан бөлек, түрік кәсіпкерлері ел экономикасына 6 млрд доллардан астам инвестиция құйды, әрі бұл көрсеткіш өсіп келеді.
Соның бір мысалы — №1 Индустриялық парк аумағындағы көпсалалы зауыт. 40 мың шаршы метр аумақта алты өндірістік цех орналасқан. Мұнда болат конструкциялар, модульдік ғимараттар мен құрылыстар, медициналық жиһаз, витраждар, жылытуға арналған бу қазандықтары өндіріледі. Жобаға шамамен 50 миллион доллар инвестиция салынған. Бұл — ең жаңа жабдықтар мен заманауи технологиялар.
#Астана #Индустриялықпарк
https://kz.mir24.tv/news/16670380/kazahstan-i-turciya-planiruyut-uvelichit-tovarooborot-do-15-mlrd-dollarov.-v-kakih-sferah-sotrudnichayut-respubl
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1221554?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау