2026 жыл 8 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Заң және тәртіп» жобасы аясында А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясына барып, оқушылармен маңызды кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Зорлық-зомбылық: қоғамдағы өзекті мәселе» тақырыбында баяндама оқып, оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі, оның қоғамға және бала психологиясына тигізетін теріс әсері, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.
Сабақтың мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз орта құруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1221072?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау