Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының ұйымдастыруымен қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов шығармашылығына арналған «Ән-аға» атты концерт өтті.
Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінде өткен кеште көрермендер халық жүрегінен орын алған әндерді бірге шырқады. Концерттік бағдарламаны Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі сүйемелдеді.
Кеш барысында «Ана туралы жыр», «Әнім сен едің», «Қуаныш вальсі», «Ақ бантик» секілді көпшілікке танымал әндер орындалды. Сондай-ақ, композитор Е. Үсеновтің «Шәмші дастаны» туындысы көрерменге ерекше әсер сыйлады. орысша сауатты аударып бер
Бағдарламаға филармония әншілері қатысып, Шәмші әндерімен көрерменге рухани кеш сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1221069?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау