ҚР Ғылым министрі Michigan State University делегациясымен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Бүгін, 15 мамыр күні, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Michigan State University университеті делегациясының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері қаралды. Тараптар академиялық серіктестікті дамыту, серіктестік тетіктерін жетілдіру және білім беру мүмкіндіктерін кеңейту бағыттарын талқылады.
Сондай-ақ жоғары білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық трансформация және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен бастамаларды одан әрі пысықтау және өзара іс-қимылды нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тараптар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен Michigan State University арасындағы серіктестік байланыстарды кеңейтуге өзара қызығушылық білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1221608?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау