Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытында жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуына ерекше назар аударды.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездескен аудан әкімі жобаның маңыздылығына тоқталып, құрылыс қарқынын күшейтуді, сапалы материалдарды пайдалануды және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.
Дарбаза ауылдық округіне қарасты Тасқұдық, Сарысу және Құрысай елді мекендерінде табиғи газ жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 70 пайызы орындалған. Жоба толық аяқталғаннан кейін аталған үш елді мекендегі жалпы 207 абонент көгілдір отынға қол жеткізеді. Аталған жобаның мердігер мекемесі – «Ынтымақ-ОК» ЖШС. Тапсырыс беруші – Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ақпан айында басталып, 2026 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1221581?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау