«Адамға табын, жер енді»: Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Алматы галереясында Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, тілтанушы-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Адамға табын, жер енді» атты көрме салтанатты түрде ашылды.

Бұл іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы, «Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясы» қоғамдық қоры және Болат Өтемұратов қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Көрме экспозициясына Олжас Сүлейменовтің құжаттық материалдары, фотосуреттері, картиналары, архивтік хроникалары, кітаптарының алғашқы басылымдары қойылды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясы» қоғамдық қорының мүшесі – суретшілердің Олжас Сүлейменов шығармашылығы негізінде салған туындылары көрермен назарына ұсынылды.

Көрменің мақсаты – Олжас Сүлейменовтің әдеби, ғылыми және рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның шығармаларындағы тарихи сана мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өнер арқылы дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың ұлттық мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Көрме 29 мамырға дейін жалғасады. Кіру тегін.
Алматы галереясы сейсенбі-жексенбі күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Дүйсенбі – санитарлық күн.
Галереяның мекенжайы: Достық даңғылы, 44.

Сондай-ақ, аталған көрме 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні – 2026» акциясы аясында 18 мамыр күні сағат 10:00-00:00 аралығында жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-madeniet/press/news/details/1221737?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version