Ақтөбеде білім беру саясатының конституциялық негіздері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес аясында «Қазақстандағы білім беру саясатының конституциялық негіздері: нормалардан тәжірибеге дейін» тақырыбында пікір алмасу алаңы өтті.

Кездесу білім беру жүйесіндегі құқықтық мәдениетті нығайту, Конституция қағидаттарының саладағы қолданылу аясын кеңейту және педагог қауымның кәсіби қызметіндегі өзекті нормативтік-құқықтық өзгерістерді саралау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға білім беру ұйымдарының басшылары, кәсіподақ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, директорлар корпусы қатысып, білім беру саясатының дамуындағы конституциялық ұстанымдардың маңызын жан-жақты талқылады.

Пікір алмасу барысында Конституцияның білім беру жүйесіндегі стратегиялық рөлі, құқықтық нормалардың практикадағы тиімділігі, жаңа реформалар жағдайындағы білім кеңістігінің жаңғыруы, білім алушылардың конституциялық санасын қалыптастыру, білім алу құқығын қорғаудың тәжірибелік тетіктері және педагог мәртебесіне қатысты құқықтық өзгерістер кеңінен сөз болды.

Сарапшылар мұндай кәсіби алаңдардың саладағы құқықтық сауаттылықты арттыруға, педагогтердің жауапкершілігін күшейтуге және білім беру саясатының сапалы жүзеге асуына ықпал ететінін атап өтті.

Пікір алмасу алаңы білім беру кеңістігінде Конституция құндылықтарын ілгерілетуге, кәсіби ортадағы сындарлы диалогты дамытуға және мемлекеттік білім саясатының басым бағыттарын тәжірибе тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe/press/news/details/1221735?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version