ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің жатақханасында білім алушылармен арнайы профилактикалық жиналыс өткізілді. Іс-шараға колледж директоры Ж.Қ. Тоғанова мен Қызылорда қалалық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Мәлік Жандос Ғалымжанұлы қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – білім алушылар арасында буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелерін түсіндіру болды. Жиналыс барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, болашақ педагог мамандарды адамгершілікке, сыйластыққа және тәртіпке тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар жастар арасында өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың қажеттігі айтылды. Кездесуде «Тәртіпке бас иген құл болмайды» қағидасының мәні кеңінен түсіндіріліп, жатақхана тұрғындарына тазалық сақтау, уақыт тәртібіне бағыну, қоғамдық орындарда мәдениетті болу және бір-біріне құрметпен қарау – әр студенттің басты міндеті екені ескертілді. Сондай-ақ жиын барысында әлеуметтік желілердің жастар тәрбиесіне әсері, қауіпсіздік мәселелері және жатақханадағы қарым-қатынас мәдениеті туралы маңызды пікірлер айтылды. Білім алушыларға жатақхананың ішкі тәртібін сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызы түсіндірілді. Мұндай профилактикалық кездесулер жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1221656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version