ТМҰ саммиті: мүше елдер IT-хабтарының бірлескен орталығын ашу ұсынылды
Түркі елдерінің IT-хабтарының бірлескен орталығы ортақ мүддені ілгерілетуге ықпал етеді. Бұл туралы бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
– Қазір әрбір елде IT жобаларға арналған технопарктер бар. Мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT-хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынамын. Орталыққа Turkic AI атауын беріп, оны Alem.AI орталығында орналастыруға болады. Бірлескен хаб ортақ мүдделерімізді ілгерілетуге ықпал етері сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды. Саммитке ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді.
Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналған жиын Қазақстанның төрағалығымен ұйымдастырылып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aktogay/press/news/details/1221675?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау