ӘДЕП УӘКІЛІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ашим Елеусизов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында түсіндірме жұмыстарын өткізді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен қоғам алдындағы міндеттері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, заң талаптарын қатаң сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету бағытында маңызды мәселелер талқыланды. Қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсер ететінін жеткізіп, адал қызмет ету – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екені ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shilik/press/news/details/1222498?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version