Жарық орнату

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Токжайлау ауылындағы Тойжанов көшесінде көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілуде. Арнайы техника мен мамандардың көмегімен жаңа жарық бағаналары қойылып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жарық көше инфрақұрылымы жасалуда. Бұл жұмыстар ауылдың көркеюіне және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне оң әсерін тигізеді. Жоба аясында заманауи жарықтандыру шамдары орнатылып, көшенің түнгі уақыттағы көріну сапасы жақсарады. Аталған жұмыстар жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ауыл инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан бұл игі іс тұрғындардың сұранысы негізінде жүзеге асырылып отыр. Алдағы уақытта да Токжайлау ауылында абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-tokzhailau/press/news/details/1222500?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version