🔹«Антиконтрафакт-2026» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар» тақырыбындағы фитнеске арналған спорттық киім дизайны бойынша республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды.
🔸Конкурс тақырыбы Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орайластырылып, шығармашылықты, инновацияны және спорт саласындағы зияткерлік меншікті қолдауға бағытталған.
🔹Конкурсқа еліміздің әр өңірінен дарынды жастар қатысты. Қатысушылар спорттық сәннің заманауи үрдістерін, инновациялық көзқарасты идеяларын бейнелейтін 176 шығармашылық жұмыс ұсынды.
🔸«Үздік киім дизайны» номинациясының жеңімпазы ретінде Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі КММ, 11-сынып оқушысы Днепровская Дарья Сергеевна болып танылды.
🔹Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1222148?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау