17 мамырда Қостанайда шахматтан III «Senat Open» Кубогының ширек финалы өтті!
Іріктеу турнирінде қалалық мәслихат депутаты А. Кан және қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі А. Лукутин бақ сынады. Бұл жоба осымен үшінші жыл қатарынан депутаттардың, мемлекеттік қызметшілердің, БАҚ өкілдері мен белсенділердің басын қосып келеді. Павел Русанов (ҚШФ) атап өткендей, «Senat Open» еліміздегі әуесқойлар арасындағы ең ауқымды шахмат оқиғасына айналды.
Жартылай финалдық кездесулер 15 маусым мен 9 тамыз аралығында өтеді. Қостанай 15 маусымда «Солтүстік» аймағын қабылдайды. Финалға жолдама алу үшін Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының ең үздік ойыншылары бақталасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-lisakovsk/press/news/details/1222149?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау