Егіндікөл ауданының прокуратурасы заңсыз қару айналымы және заңнаманы сақтау мәселелері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан прокуратурасымен аудан полиция бөлімімен бірлесіп халық арасында суық қарудың заңсыз айналымы мәселелері бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара барысында азаматтарға заңнама талаптары, сондай-ақ суық қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, дайындау және өткізу үшін көзделген жауаптылық түсіндірілді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша нормативтік қаулысының негізгі ережелері (18.07.2025ж. №73-НҚ), сондай-ақ жол жүрісі және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы заңнама талаптары (03.12.2024ж. №54-НҚ) түсіндірілді.

Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық жауаптылықтан босататынын еске саламыз.

Қаруды заңсыз сақтау немесе өткізу фактілері туралы ақпарат болған жағдайда 102 нөміріне хабарлауды сұраймыз.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1222033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version