НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!!!  “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсын өткізу қағидалары

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!!! 

“Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсын өткізу қағидалары

 

  1. “Мерейліотбасы” ұлттық байқауы отбасы мен некенің адамгершілік құндылықтары мен оң имиджін жандандыруға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. 
  2. Конкурсқаөзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.
  3. Конкурсқамүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы, волонтерлік қызметке қатысатын отбасылар қатыса алады. 
  4. Байқауекі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық, екінші кезең – облыстық. 
  5. Конкурсқақатысу үшін өтінім қағаз немесе электрондық нұсқадағы нысан бойынша ішкі саясат бөліміне 15 мамырға – 15 маусым дейін  

(Денисовка ауылы,Калинин көшесі, 22–каб. немесе электрондық мекенжайға) беріледі Ovp_den@mail.kz), қосымшасы бар 22012 телефоны:

  • ата-аналардың (қорғаншылардың,қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
  • асырапалушы (қамқоршы) отбасылар үшін – кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы Жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі;
  • неке қию туралы куәліктің көшірмелері;
  • ата-анасының біреуіқайтыс болған жағдайда (болған жағдайда) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері;
  • балалардытәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  • заңдыжәне (немесе)жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (екіден кем емес);
  • отбасымүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • қоғамдықпайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) ;
  • дербесдеректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

Үздік жұмыстар облыстық конкурсқа қатысу үшін бағытталатын болады. Жұмыста 10 критерий бағаланады:

 1) отбасы мүшелерінің жетістіктерінің саны мен маңыздылығы (Отбасы тарихы-визит карточкасы-презентация);

2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;

4) балалар мен немерелердің жетістіктері (Бар болса);

5) ата-аналардың жетістіктері үлгі ретінде;

     6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны-бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдері);

     7) отбасының таланттары;

     8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);

     9)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық) қатысу;

    10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік ету.

 – Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-krasnoarmeisk/press/news/details/1222032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version