Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері 2026 жылғы 22–29 сәуір аралығында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шара барысында пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, сот жүктеген талаптарды сақтау деңгейі бақылауға алынуда. Аталған жұмыстар учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жүргізілуде.
Сонымен қатар, пробация қызметкерлері есептегі азаматтармен жеке профилактикалық сұхбаттар өткізіп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерделеуде. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамға бейімделу және заң талаптарын сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және пробация есебіндегі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге ықпал ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1221824?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау