Ағымдағы жылдың 13 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасынның қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында концерт, театр және мәдени-көпшілік іс-шаралар кезінде авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушылар музыкалық шығармаларды заңды пайдалану, құқық иелерімен және ұжымдық басқару ұйымдарымен келісім жасау қажеттігі жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, аталған мәселелер бойынша бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеп, алдағы уақытта түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде бірлесе жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Авторлық құқықты сақтау – мәдениет саласындағы заңдылық пен шығармашылықты қолдаудың маңызды бөлігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1222694?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау