2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ұйымдастырған Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинар өткізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Оспанова Балғаным Дүйсенқызы, 2026–2027 оқу жылына Академияға оқуға қабылдау қағидалары туралы баяндады.
Сондай-ақ, ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызметшілерін оқуға түсудің негізгі бағыттары мен шарттарымен таныстыды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gask/press/news/details/1222017?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау