Аудан прокуратурасы полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 11 сәуірдегі №9 және 2023 жылғы 16 мамырдағы №13-НҚ нормативтік қаулылары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жеке құрамға Конституциялық Соттың үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері және заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық қайта қарау тәртібі жөніндегі құқықтық ұстанымдары жеткізілді.
Полиция қызметкерлеріне үйқамақты қолдану кезінде күдіктілер мен айыпталушылардың конституциялық құқықтарын бұзуға жол берілмейтіні, оның ішінде сот қорғауына жүгіну, білікті заң көмегі мен медициналық көмек алу, сондай-ақ мемлекеттік органдарға өтініш жасау және процестік әрекеттерге қатысу құқықтары бар екені түсіндірілді.
Сондай-ақ үйқамаққа байланысты шектеулер қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті шектерде ғана қолданылуы тиіс екені, заңдылық, пропорционалдылық қағидаттарын сақтау және адам құқықтарын негізсіз шектеуге жол бермеу қажеттігі атап өтілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1222016?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау