Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен «Айқын нәтиже» жобасын іске асыру мақсатында ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Негізгі назар қоғамдық орындарға, ойын-сауық мекемелеріне, жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға, сондай-ақ кешкі және түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге аударылды.
Рейдтердің нәтижесінде 800-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
– 10 алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта сатудың фактісі;
– 83 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және мас күйінде жүрудің фактісі;
– 66 кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуының фактісі;
– 12 көлік құралын мас күйінде басқарудың фактісі;
– 292 құжатсыз немесе көлік құралын басқару құқығынсыз басқарудың фактісі.
Ерекше алаңдаушылық тудырған жағдайлардың бірі компьютерлік клубтардың бірінде түнгі сағат 12-ден кейін 9 жастағы баланың ересектердің қарауынсыз болуы.
Мұндай фактілер тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді және балалар мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.
Тәжірибе көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз жүруі, алкогольді шамадан тыс тұтыну және құқықбұзушылықтарға немқұрайлы қарау көбіне ауыр қылмыстар мен қайғылы жағдайлардың алғышартына айналады.
Облыс прокуратурасы ата-аналарды балаларға көбірек көңіл бөлуге, олардың араласатын ортасын білуге, қайда жүргенін бақылауда ұстауға және болып жатқан жағдайларға бейжай қарамауға шақырады.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жалғасатын болады.
#Заң_мен_тәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1223161?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау