Шымкент қаласы полиция департаменті 300-ге жуық қызметкерді біріктірген ауқымды тимбилдингке ұйымдастырды. Табиғат аясында өткен шара белсенді демалыс қана емес, сондай-ақ жеке құрам арасындағы командалық рухты нығайтуға және қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара барысында қатысушылар үшін спорттық әрі интеллектуалдық сайыстар, командалық эстафеталар, тапқырлықты, ептілікті және қызметтік дайындық деңгейін сынайтын түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Полицейлер өзара қолдау мен достық атмосферасында бақ сынап, ұйымшылдықты, тәртіпті және командада жұмыс істей білу қабілетін көрсетті.
Тимбилдингтің негізгі мақсаты – корпоративтік мәдениетті нығайту, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды арттыру және ұжымдық бірлікті дамыту болды.
Полицейлердің айтуынша, мұндай шаралар қызметкерлер арасындағы кәсіби байланысты күшейтіп, күнделікті қызметте аса қажет ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1223034?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау