Өңіріміздің индустриялық әлеуетін жаңа деңгейге көтеретін, іргелі «Fonet Er-Tai Mining» жаңа гидрометаллургиялық зауытының іске қосылу рәсіміне қатыстым.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі стратегиялық міндеттері аясында жүзеге асырылды.

Жаңа зауыт – Ертіс-Баян өңірінің өндірістік қуатын нығайтып, одан әрі өркендеуіне серпін беретін маңызды қадам. Жобаға 11 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, 300-ден аса жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын жылына 5 мың тоннаға дейін катодты мыс өндірмек. Бұл – энергетика, машина жасау және жоғары технологиялық салалар үшін айрықша маңызға ие стратегиялық металл.

Әсіресе, өндірісте экологиялық қауіпсіздік пен озық технологиялардың енгізілуі – заман талабына сай өндірістің жарқын үлгісі.

Жаңа зауыт өнеркәсіптің дамуына, экспорттық әлеуеттің артуына және халықтың әл-ауқатының жақсаруына тың серпін беретініне сенім мол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uiir/press/news/details/1223033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version