Өңір кәсіпорындарында «Vision Zero» өндірістік жарақаттануды болдырмау тұжырымдамасын енгізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жұмыс берушілерге өндірістегі қауіпсіздік деңгейін жүйелі түрде арттырудың маңыздылығын ескертеді және «Vision Zero» (Нөлдік жарақаттану) халықаралық тұжырымдамасын белсенді енгізуді ұсынады.

Бұл бағдарлама еңбекті қорғауды ұйымдастыруға арналған сапалы жаңа тәсіл болып табылады, оның негізінде өндірістегі кез келген жазатайым оқиғаның алдын алуға болатынын мойындау жатыр.

📌 «Vision Zero» тұжырымдамасын енгізу жұмыс берушілерге тәуекелдерді басқарудың келесі негізгі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді:

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдылығын қамтамасыз ету — өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды тудырмайтын жағдайлар жасау.

Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын арттыру — өтемақы төлемдеріне, айыппұл санкцияларына, сот шығындарына және жабдықтардың бос тұрып қалуына байланысты қаржылық шығындарды барынша азайту.

Іскерлік беделді нығайту — заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келу, бұл компанияның инвестициялық тартымдылығын және контрагенттер тарапынан сенімділікті арттырады.

📉 Статистикалық мәліметтер: Бүгінгі таңда «Vision Zero» принциптерін іске асыру бойынша міндеттемелерді Қазақстан Республикасының 291 кәсіпорыны өз мойнына алды, олардың ішінде тау-кен металлургиясы және мұнай-газ секторларының ірі өкілдері бар. Мониторингке сәйкес, бағдарлама басталған сәттен бастап аталған кәсіпорындарда жазатайым оқиғалар нәтижесінде зардап шеккендер саны 7,1%-ға төмендеді.

📋 Тұжырымдаманы іске асыру 7 «Алтын ережеге» негізделген:

Көшбасшылық — басшылықтың қауіпсіздік принциптеріне жеке бейілділігін көрсетуі.

Тәуекелдерді бақылау — өндірістік қауіптерді уақтылы анықтау және жою.

Мақсат қою — еңбекті қорғау бойынша нақты бағдарламаларды әзірлеу.

Жүйелілік — еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігін ұйымдастырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу.

Жұмыс орындарының қауіпсіздігі — технологиялық жабдықтар мен білдектердің (станоктардың) іске жарамдылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік — персоналдың кәсіби дағдыларын үздіксіз дамыту.

Ынталандыру — қызметкерлерді жеке қатысуы арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тарту.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әрбір жұмыс берушінің тікелей заңнамалық міндеті. Департамент барлық қызмет саласындағы кәсіпорын басшыларын «Vision Zero» стандарттарын енгізу жұмыстарын жандандыруға шақырады.

Әдіснама және бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша БҚО бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне хабарласуға болады.

Тіркелуге сілтеме:https://www.linkedin.com

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1222963?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version