Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қажеттілігі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әрбір жұмыс беруші қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қамтамасыз етуге міндетті.

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ өндірістік жарақат алу, кәсіптік ауруға шалдығу немесе еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзге де салдарлар туындаған жағдайда әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Сақтандыру жағдайы орын алған кезде қызметкер зиянды өтетуге, соның ішінде еңбек қабілетін жоғалтуға байланысты төлемдерді, емделу мен оңалту шығындарын, ал жекелеген жағдайларда асырауындағыларға берілетін төлемдерді алуға құқылы.

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін атқаруға жібергенге дейін сақтандыру ұйымымен міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

Міндетті сақтандыру шартының болмауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өткен жөн (160-тан 1000 АЕК-ке дейін немесе 692 000-нан 4 325 000 теңгеге дейін айыппұл).

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жұмыс берушілерге қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарттарын уақтылы жасасу және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігін ескертеді.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау — жұмыс берушінің ең маңызды міндеттерінің бірі және өндірістік жарақаттанудың алдын алудың маңызды элементі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1222962?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version