Іс-шара барысында азаматтар кәсіпкерлік пен салық саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша кеңес алып, мемлекеттік органдардың жауапты мамандарына тікелей сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушыларға тиісті түсіндірмелер берілді.
Іс-шараға әділет департаменті, мемлекеттік кірістер органдары және кәсіпкерлік салаларының жауапты өкілдері қатысып, азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары бойынша толыққанды түсіндірмелер берді.
Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1224786?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау