29 сәуірі күні қалалық мәслихат депутаты Айгүл Мәуленина бекітілген кестеге сәйкес өз сайлау округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 сәуірінде Қаражал қалалық мәслихатының депутаты А.Мауленина өз сайлау округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау, Әлиев көшесінде көлік қозғалысының жылдамдығын шектеу, жасанды жол кедергілерін орнату, жол таңбаларын салу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар кейбір электр беру бағаналардың апатты жағдайда екендігі және жаңа салынған тұрғын үйлердің қоршауларының тиісті деңгейде орнатылмай, жерге құлап жатқаны жөнінде мәселелер көтерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal/press/news/details/1224602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version