Жамбыл облысында алғаш рет республикалық деңгейде «Жас сақшы – қауіпсіз болашаққа қадам» атты форум өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің 19 өңірінен келген «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер мен сала мамандары қатысты.
Форумның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру, заңға құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, сондай-ақ полиция мен қоғам арасындағы байланысты нығайту.
Іс-шара барысында қатысушыларға «Жас сақшы» жобасының маңыздылығы таныстырылып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Сонымен қатар форум аясында түрлі танымдық кездесулер, тәжірибе алмасу алаңдары және патриоттық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Форумға қатысушылар жастарды тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеуде «Жас сақшы» жобасының маңызы зор екенін атап өтті. Бүгінде бұл жоба өскелең ұрпақтың бойында азаматтық ұстаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.
Мұндай ауқымды іс-шаралар жастардың болашаққа деген сенімін нығайтып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1224601?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау