«Әкем, анам және мен» атты эстафеталық жарыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың  14 мамырда Көксу жастары және Бұқаралық спорт жетекшілігімен Еңбекші ауылдық округіндегі Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі спорт залында «Әкем, анам және мен» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын дәріптеу болды.

Жарыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуантайқызы Дина құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі. Кейін жарыс салтанатты түрде ашылып, қатысушылар сайыс ережелерімен таныстырылды.

Эстафеталық жарысқа төрт отбасы қатысып, түрлі қызықты әрі тартысты кезеңдер бойынша бақ сынасты. Қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен ептіліктерін көрсетті. Көрермендер де отбасыларға қолдау білдіріп, жарыстың көңілді өтуіне ерекше атмосфера сыйлады.

Іс-шара соңында Көксу жастары жетекшілері барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, арнайы сыйлықтар табыстады. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-enbekshi/press/news/details/1224425?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version