Аудан әкімі Жосалы кентіндегі нысандарды аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

Алдымен аудан басшысы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан теміржол вокзалы ғимаратына барып, құрылыс жұмыстарының сапасын көрді. Қазіргі таңда 1904 жылы салынған тарихи ғимаратты жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында ішкі және сыртқы әрлеу, инженерлік жүйелерді жаңарту, аумағын абаттандыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар атқарылуда.

Бүгінде нысандағы күрделі жөндеу жұмыстарының басым бөлігі орындалған. Осы бағытта аудан әкімі жауапты мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар Жосалы кентіндегі Дендропарк аумағының санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарының барысы бақыланды. Мұнда Жандос Еркінбек тазалық жұмыстарының сапалы орындалуына және берілген тапсырмалардың кемшіліксіз атқарылуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1223902?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version