2026 жылғы жазғы сауықтыру маусымына дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаменті (әрі қарай-Департамент) және оның аумақтық басқармалары жазғы сауықтыру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы №78 бұйрығымен бекітілген «Балаларды сауықтыру және санаториялық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 14-тармағына сәйкес балаларды маусымдық сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жазғы сауықтыру маусымы басталғанға дейін жыл сайын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (әрі қарай –СЭҚ) алуы қажет.
Департамент сайтында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған лагерьлердің тізімі апта сайын жаңартылып отырады.
Облыс аумағында балалардың жазғы демалысы 12 қала сыртындағы маусымдық сауықтыру ұйымдарында жоспарлануда.
Бүгінгі таңда 2 лагерь санитариялық –эпидемиологиялық қортынды алды: Үлкен Нарын ауданында орналасқан «ЖШС Мұзтау и К» «Приморск» балалар сауықтыру лагері, 31.03.2026 жылы №KZ75VWF00538807; Риддер қаласындағы “Синегорье” демалыс базасындағы жазғы лагерь, 19.05.2026ж. № KZ15VWF00570248.
Сауықтыру ұйымдарында дайындық жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1223901?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау