Ақтөбе облысы ПД ҰҚҚКБ (УБОП) қызметкерлері шетелдік студенттен ақша бопсалау фактілері туралы жедел ақпарат алған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы ақтөбелік тұрғынды анықтап, арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, ақша беру кезінде күдіктіні ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 10 күн бұрын ер адам шетелдік студенттермен танысып, кейін олар бірге қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде уақыт өткізген.
Бір күні компанияда кафедегі есепшотты төлеуге ақша болмаған кезде, күдікті студенттердің біріне қорқыту арқылы ұялы телефонын ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген.
Бірнеше күннен кейін ер адам бопсалау жолымен шетелдік азаматтың тағы 50 мың теңге ақшасын иемденген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1223782?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау