Сарқан ауданы әкімінің өкімімен Есжанов Ғазиз Отарбайұлы Сарқан ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Есжанов Ғазиз Отарбайұлы 1974 жылы туылған, білімі жоғары, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін жергілікті мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы жылы Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылында мал дәрігері қызметінен бастаған.
Әр жылдары «Еркін селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы, «Сарқан аудандық ветеренария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Сарқан аудандық жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы және Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1224747?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау