19–20 мамыр аралығында азаматтық қорғау саласы бойынша арнайы оқу курсы ұйымдастырылды. Оған еңбек және демалыс сауықтыру лагерьлерінің жұмыскерлері санаты бойынша 42 тыңдаушы қатысып, 10 сағаттық оқу бағдарламасын толық меңгерді. Курстың мақсаты – азаматтық қорғаныс жүйесінің тиімділігін арттыру және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Оқу барысында қатысушылар азаматтық қорғау саласындағы білімдерін жетілдіріп, оқу-жаттығулар өткізу тәртібін, эвакуациялық бекеттердің жұмысын ұйымдастыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдау тәсілдерін меңгерді. Практикалық сабақтар олардың тәжірибелік дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1224603?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау