2026 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Төрағасы Скуб Илья ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің аппараттық кеңесінде “Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялаудың өзекті мәселелері”тақырыбында баяндама жасады.
Сөз сөйлеу барысында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметін міндетті лицензиялау енгізілгені атап өтілді. Бұл шара қызмет көрсету сапасын арттыруға және әлеуметтік саладағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 644 ұйым жұмыс істейді, оның 638-і лицензия алған. Қызметтермен 101 мыңнан астам адам қамтылды. Лицензияланған ұйымдардың ішінде 471 мемлекеттік мекеме және 167 үкіметтік емес ұйымдар бар.
Қызметті бірнеше бағыт бойынша жүзеге асыратын ұйымдарды ескере отырып, барлығы 672 лицензия берілді. Ұйымдардың ең көп саны үй жағдайында қызмет көрсететін 58 мыңнан астам адамды қамтитын 288 ұйымдар бар.
Лицензиялау енгізілгеннен бастап 1 462 өтінім келіп түсті. Кейбір жағдайларда медициналық лицензияның жекелеген кіші түрлерінің жоқтығын, штаттық нормативтердің сақталмауын, өрт қауіпсіздігі жөніндегі құжаттардың жоқтығын және материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіз деңгейін қоса алғанда, белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер анықталады. Сонымен қатар, ескертулер жойылғаннан кейін ұйымдар лицензия алуға қайта өтініш бере алады.
Комитет пен аумақтық департаменттер лицензиялау мәселелері бойынша, оның ішінде БАҚ, әлеуметтік желілер және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қатысуымен онлайн кеңестер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1224093?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау