Жиын барысында қала аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық жұмыстардың жай-күйі қаралды. Күн тәртібіне сәйкес қала әкімінің орынбасары Азамат Халелов кіріспе сөз сөйлеп, кеңес жұмысын ашты. Одан кейін Орал қалалық полиция басқармасы, білім беру бөлімі және ішкі саясат бөлімі басшылары тиісті бағыттар бойынша баяндама жасады.
Кеңес барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1224097?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау