Семинар кеңес өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің мамандары мен Түлкібас аудандық орталық ауруханасының ДКК төрағасы мен дәрігерлерімен бірлескен 20.05.2026 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірі А.Ертаевтің төрағалығымен ағымдағы жылдың 03 сәуірінде өткізілген отырыстың хаттамалық тапсырмасының 1 тармағының орындалуын басшылыққа ала отырып семинар кеңес өткізілді
Талқыланған мәселелер:
1 Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау аумақтық МӘС бөлімдерінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылы «МӘС жүргізу қағидалары (бұдан әрі-Қағида) туралы» № 260 бұйрығына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2.Қолданыстағы Қағиданың 2 тарау 5 тармағына сәйкес Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, уақытша еңбекке жарамсыз болған адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді) қатаң ұстану бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.
3.Қолданыстағы Қағиданың 2 тарау 7 тармағына сәйкес «…Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді».
4.Сырттай-проактивті пилоттық жобасы бойынша жолданған жолдамаларды ұлғайту мақсатында ДКК-мен жұмысты күшейту, ТСР әзірлеуде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Медициналық-әлеуметтік сараптамада көрсетілген мемлекеттік қызметтің ішінде сырттай проактивті куәландырудын үлесін 45% төмен болмауын ай сайын қадағалау және 031/у нысанын ФЛК өтуін сапалы жолдау.
5.Медицина-әлеуметтік сараптамаға көзбе-көз және сырттай куәландыруға негізсіз толтырылған қорытындыларды талдау және алдынғы уақытта қатаң бақылауда ұстау мәселесі бойынша.
6. «Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 168, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 292/НҚ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 56 бірлескен бұйрығын сапалы жүзеге асыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1224605?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version