Бұланды ауданының прокуратурасы мектеп оқушыларымен құқықтар мен жауапкершілік туралы ашық диалог өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұланды ауданы прокуратурасы өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру бағдарламасы аясында мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара ашық диалог форматындағы «Прокурор сағаты» ретінде ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және жасөспірімдердің өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін нығайту болды.

Кездесу барысында оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құқықбұзушылықтардың алдын алу, интернет алаяқтық, буллинг, дропперлік, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қауіпті құқықтық жағдайлардың қатысушысы немесе құрбаны болмау жолдарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы №54 нормативтік қаулысының талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, «Жол қозғалысы туралы» Заңның 65-бабы 1-тармағы мен «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңның 10-бабы 5-2-тармағының конституциялық талаптарға сәйкестігі жөніндегі құқықтық ұстанымдар жеткізілді.

Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1224413?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version