Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау туралы хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Білім басқармасы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы                 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға                    2026 – 2030 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметтерді алушылар       2026 жылғы 21 мамырдан бастап 26 мамырға дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы осы Қағидаларға                           7-қосымшадағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

Әрбір жариаланған мамандық бойынша ақпараттық карта толтырылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-bilim/press/news/details/1224412?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version