DOSTI SKILLS KOKSHETAU 2026 – жас мамандардың халықаралық шеберлік алаңы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева Көкшетауда өтіп жатқан халықаралық деңгейдегі DOSTI SKILLS KOKSHETAU 2026 чемпионатының жұмысымен танысты. Іс-шара барысында басқарма басшысы қатысушылардың сайыс алаңдарындағы кәсіби шеберлігіне куә болып, сарапшылармен пікір алмасты.

Чемпионат алаңдарын аралау кезінде Айнагүл Балташева жас мамандарға сәттілік тілеп, өңір намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғап жүрген қатысушыларға зор сенім білдірді. Сонымен қатар, ол техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мұндай ауқымды жобалардың болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына ерекше серпін беретінін атап өтті.

Айта кетейік, Көкшетау қаласында ұйымдастырылған DOSTI SKILLS KOKSHETAU 2026 халықаралық чемпионаты кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдерін, Австрия, Жапония, Әзірбайжан және Сауд Арабиясынан келген халықаралық сарапшылар мен жас мамандарды, сондай-ақ Қазақстанның 15 өңірінен жиналған командаларды бір алаңға тоғыстырды.

Биылғы додада 61 қатысушы «Электроника», «Автономды мобильді робототехника», «Прототиптеу» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйелері» құзыреттіліктері бойынша өзара бақ сынауда. Чемпионаттың негізгі мақсаты – техникалық шығармашылықты дамыту, заманауи технологияларды меңгерген білікті мамандар даярлау және халықаралық тәжірибе алмасуға жол ашу.

Әсіресе, «Ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйелері» бағыты көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Сарапшылардың айтуынша, қатысушылар дрондарды өз қолдарымен құрастырып, бағдарламалық жасақтамасын әзірлеп, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп, толыққанды ұшу аппаратын жасап шығарады. Бұл олардың тек теориялық білімін ғана емес, инженерлік ойлау қабілеті мен тәжірибелік машығын да айқын көрсетеді.

Халықаралық чемпионат жас таланттардың кәсіби деңгейін шыңдап қана қоймай, техникалық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға да тың мүмкіндік беріп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1224040?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version