Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Нидерланд және АҚШ Тұрақты өкілдерінен құралған делегация Астанаға іссапармен келді.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде ЕҚЫҰ алаңындағы өзара іс-қимыл мен алдағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.
ҚР Сыртқы істер министрдің орынбасары Арман Исетов: «Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығы өзара құрмет, сенім және қауіпсіздік, орнықты даму мен адам құқықтары құндылықтарына ортақ бейілділікке негізделген берік іргетасқа сүйенеді», – деп атап өтті.
Сондай-ақ ол Қазақстан Ұйымға мүше мемлекеттермен ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін баса айтты.
Өз кезегінде, шет мемлекеттердің елшілері Қазақстан Ұйымның маңызды мүшесі екенін атап өтіп, ЕҚЫҰ аясындағы елдер арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар прагматикалық және өзара қолайлы ынтымақтастықты дамытуға бейілділігін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1224208?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау