Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, білім беру мекемесінің акт залында LED-экранның жануы орын алған. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін нысан әкімшілігінің төтенше қызметтерді хабардар ету және ғимараттан адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша іс-қимылдары пысықталды.
Оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына жедел жету, күштер мен құралдарды жаю, сондай-ақ өрт ошағына барлау жүргізу мәселелерін пысықтады. Нысанның ерекшеліктері мен өрт сипатын ескере отырып, шартты зардап шеккендерді эвакуациялау және өртті сөндіру әрекеттеріне ерекше назар аударылды.
Тәжірибелік бөлім аяқталғаннан кейін оқу-жаттығуға қатысушылардың іс-қимылдарына талдау жүргізіліп, онда қызметтердің өзара іс-қимылы, әрекет ету алгоритмдерін сақтау және ықтимал төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мәселелері қарастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1223773?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау