САУРЫҚОВ БАЙҰЗАҚТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Саурықов Байұзақты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында футболдан облыстық турнир өтті.

17 мамыр күні Құмүзек ауылында Байұзақ Саурықовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында футболдан облыстық турнир өтті. Спорттық шара барысында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Саурықов Ерболат Байұзақұлы сөз сөйлеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жарысқа қатысушы барлық командаларға сәттілік тілеп, мұндай сәтті шаралардың ел бірлігіне, жастар спортының дамуына үлкен септігін тигізетінін айтты. Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Надметоллаұлы Нұрадинов өз кезегінде спорттық шараның маңыздылығына тоқталып, ұжымға сәттілік тіледі.

Турнирге ауданның ауылдары мен ауылдық округтерінен он бір команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс барысында командалар өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетіп, жанкүйерлерге әсерлі ойын көрсетті. Турнирдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында спортты дамыту, Байұзақ Саурықовтың есімін ұлықтау болды. Одан кейін шара барысында Байұзақ Саурықов атамыздың рухына бағыштап, ас беріліп, құран оқылды. Жиналғандар Байұзақ атамыздың өнегелі өмірін еске алып, ел дамуына сіңірген абыройлы еңбегі туралы жылы лебіздерін білдірді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-kyzylotau/press/news/details/1223992?lang=ru

Exit mobile version