Ағымдағы жылдың 19 мамырында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Қызылжар ауданының «Белое орта мектебі» КММ жаңа корпусының құрылысымен танысты. Жобаның сметалық құны 1,4 млрд. теңге. Жаңа мектеп салу үшін 120 орындық типтік жоба таңдалған, жоба – екі жылдық. Мектеп құрылысының бас мердігері «Зерттеу СК» ЖШС, техникалық қадағалау – «Технинжиниринг» ЖШС, авторлық қадағалау – «Готика «БПҰ» ЖШС болып табылады.
Жұмылдыру жұмыстары аяқталды, арық бұрғылау жұмыстары басталды. Нысанда 2 қосалқы мердігер ұйымы, 12 адам және 4 көлік түрі жұмыс істейді. Прорабтың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс кестесі СҚО әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ келісуден өтуде.
Департамент басшысы Қызылжар аудандық білім бөлімінің басшысына осы мектеп оқушыларының ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша ұсыныстар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1224291?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау