Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары үшін Жаңатас қаласының №16 өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндіру бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды тамашалады. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары өрт қауіпсіздігі ережелері мен шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар балаларға қауіпсіздік талаптарын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіп туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1223790?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау