Благодар орта мектебінде «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған маңызды шараға құқық қорғау органдарының, білім беру саласының өкілдері, жергілікті атқарушы билік өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Іс-шараға Ақтөбе облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігінің және қалалық білім бөлімінің өкілдері қатысып, жас ұрпақты айтулы оқиғамен құттықтады. Қонақтар өз сөздерінде кадет сыныбының ашылуы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Салтанатты жиын барысында оқушылар Отанға адал қызмет етуге, тәртіпті сақтауға, кадет атағына лайық болуға және жоғары адамгершілік қағидаларын ұстануға ант қабылдады.
Сонымен қатар, өзара ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жұмысты дамыту мақсатында Ақтөбе облысы Полиция департаменті мен Благодар орта мектебі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
«Жас сақшы» кадет сыныбының ашылуы – жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі және ішкі істер органдары мен білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті дамытудағы маңызды қадам болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1223789?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау