Жетісу облысы Қаратал ауданы Ахмет Байтұрсынов атындағы МДШО бар орта мектебінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға ауыл әкімі Т. Рақыпұлы, учаскелік полиция қызметкері Б. Мырзахметов және ауылдық аурухананың медбикесі С. Досымбекова қатысты.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны, оның қоғамға әсері және зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен қоғамды есірткі заттарының зиянды әсерінен қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және адам денсаулығын сақтау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1225261?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау