ҰЛТ АЗАТТЫҒЫНЫҢ ЖЕТІ ҚАДАМЫ
15-желтоқсан күні «Ұлт азаттығының жеті қадамы» атты тарихи-интерактивті квест ойыны Ақжар мәдениет үйінде өтті.
Тәуелсіздік рухын, ұлттық сананы дәріптеген тағылымды сайысқа түрлі мекемелер мен ұйымдардан құралған 5 команда қатысты.
🟦 Қатысқан командалар:
▪️ “Желтоқсан-86”
▪️ “Рухты жастар” (Абай мектебі)
▪️ “Газетфандар” («Тұғырлы Тарбағатай» газеті)
▪️ “Тәуелсіз Абай жастары” (Әуезов мектебі)
▪️”Гран-при” (Мәдениет үйі жастары)
🧩 Квест 7 кезеңнен тұрды:
1️⃣ “Алаш”
2️⃣ “Тәуелсіздік”
3️⃣ “Рәміздер”
4️⃣ “Патриоттық әндер”
5️⃣ “Желтоқсан”
6️⃣ “Ұлттық күш”
7️⃣ “Азаттық кітапханасы”
Әр кезеңде қатысушылар өздерінің білімін, тапқырлығын, елжандылығын көрсетіп, тарихқа терең бойлады.
📚 Тағылымды шара Ақжар аудандық орталықтандырылған кітапханасы, Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы және аудандық Мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен өтті.
✨ Ұлт тарихын ұлықтаған, жастардың рухын асқақтатқан бұл квест — тәуелсіздікке тағзымның жарқын үлгісі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/1225291?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау